Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе тасымалы дауы жалғасуда.
Тәжікстан әуе тасымалы басқармасы сәуір айының 3-інен бастап ресейлік «Орал әуе жолдары» және «Ют-Эйр» компанияларының Мәскеу - Душанбе –Худжанд бағытындағы 8 рейсін қысқартып тастады. Олардың бұндай қадамдарға баруына Ресейдің 2 сәуірден бастап Тәжікстанның «Сомон Эйр» және «Тәжік Эйр» әуе компанияларының Мәскеу қаласының Домодедово әуежайына жасайтын рейстерінің санын азайтып тастауы себеп болған. Тәжікстан әуе тасымалы басқармасының хабарлауынша, ресейліктер «Сомон Эйр» мен «Тәжік Эйрдың» 9 рейсін қысқартып тастаған. Осыған дейін тәжікстандық тасымалдаушылар Ресей астанасына аптасына 14 рет ұшатын болса, қазір рейстер саны 5-ке дейін қысқарған.
Жалпы, соңғы уақыттары Ресей мен Орталық Азия елдері арасында әуе тасымалы саласында келіспеушіліктер жиі туындауда. Бұған дейін Өзбекстан Ресей әуе компанияларының рейсін дәл осыған ұқсас мәселе бойынша қысқартатынын мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?