Экс-президент Алмазбек Атамбев Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.
AKИpress басылымының хабарлауынша, бүгін Бішкек қаласында өткен ҚСДП құрылтайында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев партия төрағасы болып сайланған. Сайлау жабық есік жағдайында өткен және Атамбаевтан өзге сайлауа ешкім түспеген.
Алмазбек Атамбаев ҚСДП тізгінін бұған дейін де ұстаған. Ол өзі құрған партияға 2011 жылға дейін төрағалық еткен. Кейіннен президент болып сайланған соң төрағалық қызметін тастап, партиядағы жұмысын уақытша тоқтатқан. Оның орнына сол уақыттан бері ешкім сайланбаған.
Жалпы, қазіргі таңда ҚСДП Қырғызстандағы билік басындағы ең ықпалды партия. Елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков та осы партияның мүшесі.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды