АҚШ-тың ресейлік дипломаттарды елден шығару шешіміне Мәскеу тарабы да өз жауабын қайтаруда. Кеше кеште өткізілген баспасөз конференциясында, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров АҚШ-тың Петербордағы бас елшілігі де жабылуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге, Ресейдің елден шығаратын америкалық дипломаттарының саны АҚШ-тан қуылған ресейлік дипломаттардың санымен бірдей болатынын да атап өтті. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде, АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінен 58 дипломатты және Екатеринбург қаласындағы консулдықтан екі қызметкерді елден шығаратыны айтылған. Мәскеу шешіміне сәйкес бұлар Ресей аумағынан 5 сәуірге дейін кетіп болуы керек.
Ақ үй тарабы Кремльдің бұл қадамына пікір білдіріп: «Бұл күтілмеген іс емес, бірақ бұдан Құрама Штат емес Ресейдің өзі көбірек зардап шегеді. Ресей өзін құрбандық ретінде қарамай, бұл әрекеттермен өзін ақтап аламын деп ойламауы керек», – делінген.
Ресейдің тоңтеріс әрекетіне байланысты АҚШ тарабы уақытша қарсы шараларды тоқтата тұруы мүмкін деген болжамдар айтылуда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау