Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Орталық Азия елдерінің соңғы жылдардағы қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасады.

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Ауғанстан дағдарысын реттеуге байланысты халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Сергей Лавров: «Соңғы жылдары Орталық Азия бестігінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) қарым-қатынасында жаңа серпіліс пайда болды. Бұл аймақтық мәселелерді шешуге ғана емес Ауғанстан дағдарысын реттеуге де жақсы жағынан әсер етуде. Біз Ауғанстан мәселесінде Орталық Азия елдерінің қадамдарын жоғары бағалаймыз» - деген.

Естеріңізге салайық, 15 наурыз күні Астана қаласында Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өткен болатын. Аталмыш саммитен кейін ресейлік БАҚ беттерінде «жиынды ұйымдастырған Қазақстан мен Өзбекстан Ресейден алшақтауда», «Орталық Азия басшыларының саммиті қандай да бір интеграциялық жобалардың бастамасы емес», «Орталық Азия Ресейдің көмегінсіз өз өзін қорғай алмайды» - деген сарындағы материалдар «жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай» қаптап кеткен.

“The Qazaq Times”