Еуродаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысқан ЕО Сыртқы қатынастар кеңесінің отырысында жаңа шешім қабылданды. Аталған шешім химиялық қаруды қолдану мен таратуға қарсы күреске бағытталған. Нәтижесінде Сүрия үкіметінің химиялық қару қолдану ісіне қатысы бар делінген 4 адамды санкция тізіміне қосты. Бұл туралы "Анадолы" ақпараттық агенттігі хабарлады.
Санкция тізіміне қосылған 4 адамның біреуі Сүрия режиміндегі маңызды әскери лауазымды. Қалған 3 тұлға химия саласының білікті ғалымдары. Санкция талабы бойынша олардың мүліктері, ЕО елдеріндегі сақталған есептері бұғатталды. Әрі ЕО-ға мүше елдерге келіп кетуге тыйым салынады.
Аталған 4 адамды қосқанда, Сүриядағы химиялық қару қолдану ісіне байланысты санкция тізімге 261 жеке тұлға, 67 ұйым тіркелген. Санкция маусымға дейін күшіне ие. Дегенмен, химиялық қару қолдану жалғасса санкция уақыты да ұзара түсуі мүмкін.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел