Тәжікстан президенті Астанаға ресми іс-сапармен келді.
Эмомали Рахмонды Астана әуежайында вице-премьер Өмірзақ Шөкеев күтіп алды. Тәжікстан президент әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эмомали Рахмонмен бірге Қазақстанға Тәжікстан сыртқы істер министрі, денсаулық сақтау министрі, сыртқы байланыс бойынша президент көмекшісі, ішкі істер министрі және еңбек министрі келген.
Эмомали Рахмон Астанаға жасаған іс-сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екі жақтық қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылайды және наурыз айының 15-сі мен 16-сы күндері аралығында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысады деп жоспарлануда. Саммитке Эмомали Рахмоннан өзге Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Түркіменстан парламентінің спикері Акджан Нұрбердыйев қатысады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды