Мұратхан Тоқмәди сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев жауап берді.
Тараз қаласында БТА банк төрағасы Ержан Тәтішевтың өліміне қатысты күдікті Мұратхан Тоқмәдидің соты жалғасуда. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы куәгер ретінде ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтан жауап алу туралы талап арыз түсірді. Прокурордың талап арызын сот қанағаттандырды.
2017 жылы «мемлекеттік құпияны жариялау» және «аса ірі көлемде қаржы жымқыру» ісі бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев тергеу барысында 2004 жылы қуғындағы саясаткер Мұхтар Әбілязовпен бірігіп жұмыс істегенін растады. Дүтбаевтың сөзінше, ол Әділязовқа Тәтішевтың телефонын бақылауға қою арқылы ақпарат алуға көмектескен және Мұратхан Тоқмәдидың Тәтішевтың жақын таныстарының бірі екендігін айтқан.
Бірақ Дүтбаев прокурордың «сіз Әбілязовтың бұл ақпараттарды Тәтішевты өлтіруге пайдаланатынын білдіңіз бе?» - деген сұрағына: «Жоқ мен ол жайында білмедім. Мен бұл ақпараттарды Тәтішевпен сөйлесу үшін жинап жатыр деп түсіндім. Оның бұл ақпараттарды Тәтішевты өлтіруге пайдаланатынын білген жоқпын» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде наурыз айының 8-і күні Мұратхан Тоқмәдидің Жамбыл облыстық ауруханасынан қашып кеткендігі жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен 9 наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік қызметі оның ұсталғанын мәлімдеген.
Мұратхан Тоқмәдиге 2004 жылы аңшылық кезінде оққа ұшқан БТА банк төрағасы "Ержан Тәтішевты өлтірді" - деген айып тағылған. Айыптаушы тараптың сөзінше, Тоқмәдиге Тәтішевты өлтіруге белгілі банкир Мұхтар Әбілязов тапсырыс берген. Бірақ қуғындағы банкир Мұхтар Әбілязовтың өзі бұл айыппен толықтай келіспейды және өзін Назарбаев режимының құрбанымын деп есептейді.