Мексиканың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Халық кеңесі және Қылмыстық сот мекемесі мәлімдеме жасап, 2017 жылғы әлемдегі криминалды 50 қаланың тізімін жариялады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Ең қауіпті криминалды қалалардың тізімін жасауда, қала халқының саны мен ондағы адам өлтіруге қатысты қылмыс санының ара қатынасы есептелген. Бұл есеп бойынша Мексиканың Лос-Кабос қаласы әлемдегі ең қауіпті қала болып танылған. Онда әр 100 мың адамның 112-сі содырлар жағынан қаза тапқан.

Аталған орындардың мәліметіне қарағанда, қауіпті 50 қаланың басым көбі, яғни 42 қала Латын Америкасы елдерінде. Айталық, Бразилияда 17, Мексикада 12, Венесуэлада 5, Колумбияда 3, Гондураста 2 қала болса,  Салвадор, Порто-Рико және Гватемала елдерінде бір-бір қауіпті қала бар.

“The Qazaq Times”