Ақ үй әкімшілігі төтенше жағдай енгізуге дайындалуда.

«The Washington Post» басылымының мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі АҚШ-қа төтенше жағдай енгізудің барлық алғышарттарын жасауда. Трамп әкімшілігі төтенше жағдай уақытына арнап Мексикамен арадағы шекараға дуал салуға арналған қаражатты АҚШ инженерлер армиясының бюджетінен алмақ.

Бұған дейін Ақ үй заңгерлері «АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы жағдайларға байланысты президент төтенше жағдай енгізуге құқылы» - деп мәлімдеген. Ал Трамптың өзі дәл қазір төтенше жағдай енгізбейтінін, бірақ Демократтармен қандай да бір келісімге келе алмайтын болса, енгізуге дайын екендігін айтқан.

Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 22 желтоқсанында АҚШ үкіметінің жұмысы ішінара тоқтаған. Оған Конгрестегі демократтардың Мексикамен арадағы шекараға дуал салуға арналған бюджетті мақұлдамауы себеп болған.

"The Qazaq Times"