Түркіменстан халқы азық-түлік тапшылығынан жолдарды жауып, дүкендерге шабуыл жасауда – деп хабарлайды "Азатлыг" радиосы.
"Азаттық" радиосының Түркіменстан қызметінің хабарлауынша, Мары облысында ұн тапшылығы салдарынан жергілікті халық қарсылық акциясын ұйымдастырған. «Азаттықтың» аталмыш аймақтағы ақпарат көзінің сөзінше, жүзге жуық әйел жергілікті биліктен ұн сұрап тас жолды жауып тастаған. Ал Ахал облысында мемлекеттік дүкенге келіп түскен ұнды сатудан бас тартқан ауыл әкімін халық соққыға жығып, дүкендегі ұнды өзара бөліп алған.
Жалпы, Түркіменстанда ұн тапшылығы мен азық-түлік бағасының өсуі желтоқсан айында байқалған. Бірақ ресми билік «елде азық-түлік тапшылығы жоқ» - деп мәлімдеген. Кейіннен үкімет халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін арнайы комитет құрған. Алайда ол комитет қызметін өз деңгейінде атқармай, халық әлі күнге дейін азық-түліктен таршылық көруде.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды