«Талибан» Ауғанстанда уақыттық үкімет құрып, елді «Ислам әмірлігі» деп жариялады. Үкіметтің жоғары лауазымды жетекшілері дерлік тәліптерден тұрады. Ауғанстанның жаңа үкіметінің құрамы толықтай исламшыл ұйымның аса діншіл жетекшілерінен жасақталған.
Ауғанстан үкіметіне ендігі жерде «Талибан» ұйымын құрушылардың бірі және халықаралық қауымдастықтың қара тізіміне енген Мухаммед Хасан Ахунд басқарады. Ал, ішкі істер министрінің қызметін атқарушы болып атышулы Сиражуддин Хаккани келді. Оны бұған дейін АҚШ сыртқы барлау қызметі қуғындаған болатын. Ауғанстандағы террорлық топтардың ортасында дәнекер болып отырған Хаккани тобының жетекшісі.
Бұдан үш апта ғана бұрын тәліптер Кабулды басып алып, осыған дейін елдегі ресми билік саналған үкіметтің жетекшілерін биліктен тайдырды. Осыдан кейін «Талибан» елдегі тұрақтылық пен баянды тыныштық үшін ауқымды үкімет құратынын мәлімдеген. Әрі, жаңа билікте барлық тараптың мүддесі ескерілетінін де айтып келген, алайда олай болған жоқ, жаңа үкімет уақытық болса да құрамында «Талибаннан» басқа ешқандай тараптың жетекшілері тартылмады. Тәліптер мен бұрынғы үкімет ортасында осыған дейін болған келіссөздердің ешқайсысы да жаңа үкімет құрамына әсер ете алған жоқ.
Жаңа үкімет құрамы Ауғанстандағы алдағы жағдайдың қаншалықты күрделі болатынын анық аңғартып отыр. «Талибан» құрып жатқан уақттық үкіметтің басындағы проблемалар жеткілікті. Олар елдегі әлі де аяғын нық баса қоймаған өз билігін нығайтумен біргі, елдің экономикасы, инвестициялық кірісі, әлеуметтік жағдайы секілді барлық салаларындағы алқымнан алған дағдарысты біржақтылы етуі тиіс. Бұдан тыс өздерін елдің зайырлы билігі етіп таныту үшін көршілес және алыс шетелдермен күрделі дипломатиялық жүрістерді жасауына тура келет.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр