Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан ядролық келісім мен Сүрия мәселесіне, әсіресе Шығыс Гута қаласындағы қақтығыстарға қатысты келіссөз үшін Теһранға (Тегеран) іссапар жасаған болатын. Алайда оны Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джават Зариф суық қарсы алды.

Ле Дрианның "Иранның баллистикалық зымыран жобасына нүкте қою" туралы ұсынысына Зариф: "Батыстың қарулары Орташығысты оқ-дәрі қоймасына айналдырды. Нүкте қою керек мәселе, міне осы", - деп қатаң әрі астарлы жауап қайтарды. Күтпеген жерден мұндай қатаң жауап алған Ле Дриан іссапарынан соң: "Иранмен арада екі мәселеде әлі көп тер төгу керек болып тұр", - деп, Францияның ұстанымын ашық білдірді.

Екі ел арасындағы қарсылық қалай басталды?

Сәл кейінірек шегініп, екі елдің арасындағы салық қарым-қатынастың қалай басталып, мәселенің қалай шиеленіскеніне үңіліп көрелік. Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ле Диран Иранның аймақта үстемдік құруды көздейтінін және оның бұл әрекетіне аймақтағы өзге елдерді айтпағанның өзінде, халықаралық қоғамның алаңдайтынын сөз еткен еді. Осы мәлімдемелерге қатысты жиі-жиі сыни көзқарастарын білдірген Теһран билігі болса өткен жылдың қараша айынан бері Франциямен сөз таластыруға көшкен-ді.

Осындай шиеленіскен жағдайға қарамастан Теһранға келген Ле Дриан Иран президенті Хасан Рухани, Сыртқы істер министрі Зариф және Ұлттық Қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен мәмілеге келгендей болғанмен, екі ел арасындағы татулыққа түскен сызаттың оңай еместігін байқай аламыз. Бұл пікірді аталған келіссөзден кейін Иран ақпараттық агенттігіне (İSNA) сұхбат берген Шамханидің: "Баллистикалық зымыран бағдарламасы - Иранның қауіпсіздік саясатының бір бөлшегі.  Бұл ешбір мемлекет үшін қауіп тудырмайды. Еуропаның бұған алаңдауына ешқандай негіз жоқ, тіпті олардың бұл ойлары үлкен қателік дер едім", - деген сөзі айқындай түскендей.

Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джават Зариф те Француз министрімен кездеспей тұрып, Еуропа елдерінің Иранға қатысты "радикалды" деген көзқарастарын қатты сынға алған еді. Ол: "Еуропа елдері АҚШ-ты ядролық келісімге көндіру үшін радикализмге қолдау көрсетуде. Алайда, бұл Еуропа саясатына кері әсер етеді. Ядролық келісімге нұқсан келтірген тараптың көңілінен шығуға тырысқан әрекеттердің бәрі құр даңғаза. Қазіргі уақытта белгілі бір екі топ арадағы келісімді бұзуда. Олар - Америка мен Еуропа. Америкалықтар Уашингтонның саясатына байланысты құбылса, ал еуропалықтар болса АҚШ-тың ығына жығылуда. Франция 1980 жылдары Иран-Ирак соғысында диктатор Саддам Хусейнге қару-жарақпен көмек көрсетті. Америка мен өзге батыс елдері қару сатып, елімізді оқ-дәрі қоймасына айналдырды. Біз бұған енді жол бере алмаймыз", - деген сөзіне қарағанда, Иран билігінің ядролық зымыран мәселесіне қатысты әзірге ешкімге бас имейтінін байқаймыз.

Ал Иранның Ұлттық Қарулы Күштерінің баспасөз хатшысы Масуд Джезайири батыс қандай қысым көрсетсе де, Иранның зымыран дамыту жұмыстарын тоқтатпайтындығын және ешқандай да ирандық билік өкілінің бұл мәселені шетелдіктермен талқылау құқығы жоқ екенін айтты.

Ле Дриан: "Ісіміз мұнымен біткен жоқ"

Кездесудің соңында журналистерге мәлімдеме жасаған Ле Дриан: "Иран билігін баллистикалық зымыран туралы тұжырымдамалары туралы сұрадым. Сонымен қатар, Францияның осы мәселеге қатысты сауалдарымен бөлісуге де мүмкіндігім болды. Алайда, Иранмен шаруамыз әлі де көп, мұнымен біткен жоқ" , - деді

Францияның көздегені не?

Ислам  (Иран) революциясының 39 жылдығына орай Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы аясында өндірілген "KADER" үлгісіндегі зымырандар өзге елдерге таныстырылғаннан кейін, өткен жылдың қараша айынан бері Париж бен Теһранның арасында нағыз текетірес басталды.

Трамптың Иранға баллистикалық зымыран жұмыстарына қатысты жасаған ультиматумынан соң Ле Дрианның іссапары ядролық келісімге 2015 жылы қол қойған ірі елдердің бірі ретінде Теһранға алғаш рет табан тіреуі тұрғысынан маңызды болып саналса да, ядролық бағдарлама мәселесіне қатысты екіжақты мәмілеге келуде септігін тигізе алмады.

Бұған Иран не дейді?

Алайда, Иран шешімнің күшін жойғанын жоққа шығарып, баллистикалық зымыранның ешқайсысы ядролық қару тасымалы үшін саудаланбағанын айтуда. Франция, Иранмен жасасқан ядролық келісімнің қайта қаралуын талап етіп, онсыз да тыныштығы бұзылған Орта шығыс елдерінде ядролық келісімнің жеделдеуіне жол ашатынына және мұндай қадамның Солтүстік Кореяға да мүмкіндік беретініне алаңдаулы.

“The Qazaq Times”