Хакастар — Хакасия Республикасында, Хакасия, Тыва және Красноярск өлкелерінде де тұрады. Антропология жағынан оңтүстік сібір (тұран) нәсіліне жатады. Түрік тобындағы хакас тілінде сөйлейді. Хакастар этногенезінде түрік (енисейлік қырғыздар, телеуттер, т.б.), кет (ариндер, кталар, т.б.), самодий (маторлар, комасиндер, т.б.) құрауыштары өзіндік рөл атқарған. Хакастардың 17 ғасырға дейінгі тарихы аз зерттелген.
17-18 ғасырда Хакастар Минусин қазаншұңқырын бірнеше шағын ұлыс болып мекендеген. 18 ғасырда оларды Ресей құрамына қосып алады. Нәтижесінде Хакастар дәстүрлі дінін (бақсылық, аруаққа табыну, т.б.), ұлттық тілін, ру-тайпалық бөлінісін жоғалта бастады. Қазан төңкерісіне дейін Хакастарды минусиндік және абакандық “татарлар” немесе “түріктер” деп те атаған.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады