Иранның 97 пайыз жерін құрғақшылық жайлаған. Аталған мәліметті Құрғақшылық және табиғи ресурстарды басқару орталығының жетекшісі Шахрух Фатих ресми мәлімдемесінде ортаға қойды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Қазіргі кезде, құрғақшылық, су тапшылығы және ауаның ластануы – Иранның ең басты проблемасы. Қыс айлары бастала салып елдің орталық қаласында ауаның ластануы ең жоғары шекке жетті. Ал, жалпы ел көлемінде құрғақшылықтан көптеген өзен-көлдер суалып, құмды-шөлдер барған сайын кеңейген.
Шахрух Фатих мәлімдемесінде елдің тұтас аумағын шарпыған құрғақшылықты тоқтату қазірге мүмкін болмай отырғанын айтты. Оның тек су үнемдеу арқылы ғана жеңілдетуге болады. Мәліметке сәйкес, Иран Ислам Республикасының Хузистан, Илам, Бушер, Кохгил, Буер-Ахмед, Африс, Систан-Белуджистан, Хорасан, Исфахан провинцияларында құрғақшылық ең ауыр.
Теһран (Тегеран) билігі аталған проблемаға қарсы жобалар жасап, көп мөлшерде қаржы бөлгенімен, табиғи апаттың алдын ала алмай келеді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды