Армения парламенті жұма күнгі сайлауда Армен Саркисянды елдің жаңа президенті етіп сайлады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
64 жастағы Саркисян кезінде Ұлыбританияда Арменияның елшісі, сонымен қатар Арменияның премьер-министрі қызметтерін атқарған. Бүгін ол 7 жылдық мерзімге сайланды.
Саркисянның президент болуын парламент мүшелерінің 90-ы құптаса, 10-ы қарсы болып, біреуі дауыс беруден бас тартқан.
Оппозиция көшбасшыларының болжауынша, енді Серж Сарксян елдің премьер-министрі атануы мүмкін (президент болмас бұрын Армен Саркисян премьер-министр лауазымында болған).
Сарапшылардың пікірінше, 3 млн-ға жуық халқы бар Оңтүстік Кавказда орналасқан Армения тікелей демократиядан бас тартып жатқан бұрынғы одақ және кейбір Шығыс Еуропа елдерін толықтай қолдайды.
2015 жылы референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес (тікелей президент сайлауын қажетсіз деп тапты), үміткер 75 пайыздан астам дауыс жинаған жағдайда парламент президентті сайлай алады.
Армения КСРО құрамынан 1991 жылы бөлініп шыққан. Жергілікті халық үкіметке жемқорлықтың белең алуы мен экономиканы дұрыс басқармайтынына наразылықтарын білдіруде.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді