Атырау мұнай өңдеу зауытында ақпан айының 28-і күні Қытай жұмысшылары мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында қақтығыс болды.
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінің мәліметінше, кикілжің күзетшілердің ішкі тәртіпке сәйкес Қытай жұмысшыларын мерзімінен бұрын зауыт аумағынан шығармай қоюынан кейін басталған.
Қытай жұмысшылары өздерін сыртқа шығармай қойған күзетшілерді видеоға түсірген. Осыдан кейін күзетшілер мен жұмысшылар арасында қақтығыс болған. Оған зауыт аумағындағы Қытайдың өзге де мердігер компанияларының жұмысшылары араласқан. Қақтығыс зауыттың ішкі қауіпсіздік қызметінің араласуынан кейін бірақ тоқтаған. Кикілжіңнен кейін зауыт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін компания Қытай жұмысшыларынан кешірім сұрап, қос тарап алдағы уақытта Қытай жұмысшыларына жеке шығу бекетін ашатын болып келіскен.