Бүгін өзбек-тәжік шекарасында 10 өткізу бекеті жұмысын бастады – деп хабарлайды Өзбекстан президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Өзбек-тәжік шекарасындағы жабылып қалған 10 өткізу бекетінің жұмысын қайта жандандыруға байланысты қаулыға Өзбекстан үкіметі 21 ақпан күні қол қойған. Қаулыға сәйкес бүгіннен бастап «Жартепа», «Кушкент», «Үштұрған», «Хавастабад», «Бакабад», «Пап», «Рават», «Гүлбахор» өткізу бекеттері мен Өзбекстанның Сурхандария облысы мен Тәжікстанның Хатлон облысын байланыстыратын «Амузанг» темір жол бекеті жұмысын бастады. Бұдан бөлек Самарқант облысындағы Үргүт пен Жартеп елді мекендерін Пенжикентпен жалғайтын қосымша шекара бекеті іске қосылған.
Жыл басынан бері Ислам Кәрімовтың нұсқауымен жабылып қалған «Андархан-Патар» және «Куштегирмон» өткізу бекеттері жұмысын қайта жандандырған. Жалпы, 2010 жылдан осы уақытқа дейін өзбек-тәжік шекарасында тек екі ғана өткізу бекеті жұмыс істеп келген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды