Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде, терроризмге қарсы күресте Пәкістанмен ынтымақтастықты және жан-жақты байланыстарды күшейтетіні айтылды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Қытай СІМ өкілі Пәкістанды «барлық жақтағы сенімді әрі стратегиялық серігіміз» деп бағалаған.
Ресми мәліметте, Пәкістанды терроризмге қарсы күрестегі белсенді ел ретінде алқап, «Пәкістан терроризмді қаржыландыруды болдырмау үшін үлкен үлес қосты» делінген. Әрі, Халықаралық ұйымдарды Пәкістанның бұл жетістігіне назар аударуға шақырған. Қытай-Пәкістан арасында терроризмге қарсы берік ынтымақтастық орнатқанын атап өткен.
Ресми Бейжіңнің Пәкістанмен терроризмге қарсы күресте ынтымақтастықты тереңдетуі Қытайдың осы аймақтағы әскери әрекеттеріне жол ашқанын білдіреді. Ол және Орта Азия, Орта Шығыс елдеріне Қытайдың әскери кеңеюінен тың қатерлерді ала келеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел