Ауғанстан президенті Ашраф Гани «Талибан» қозғалысын саяси топ деп мойындауды қолдады – деп хабарлайды Tolo телеарнасы.
Tolo мәліметінше, Ашраф Гани журналистер алдында Талибан қозғалысына қатысты сөз сөйлеген. Онда ол: «Ауғанстан билігі Талибан қозғалысы мүшелері мен олардың отбасыларына төлқұжат береді. Қозғалыс көшбасшыларына салынған санкцияларды алып тастайды. Біз бейбіт келісімге келуде Талибан қозғалысының айтқандарымен санасатын боламыз», - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Талибан қозғалысы АҚШ-ты 17 жылға созылған соғысты тоқтатып, келісімге келуге шақырған. Талибан қозғалысы таратқан мәлімдемеде: «Ауғанстан Ислам әмірлігінің саяси бюросы АҚШ шенеуніктерін Ауғанстан мәселесін реттеуде тек Ислам әмірлігімен ғана келіссөздер жүргізуге шақырады. Егер АҚШ Ауғанстан халқының заңды талаптарын орындап, Ислам әмірлігімен бейбіт келіссөздер жүргізетін болса, онда ол мәселенің шешілуіне септігін тигізеді» - делінген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?