1 наурыздан бастап Алматының қоғамдық көліктерінде 1 теңгеге жүруге болады. Осы күннен бастап "Beeline Қазақстан" компаниясы "Жолақы 1 теңге" акциясын іске қосады.
Жолақыны төлеу үшін Beeline операторын қолданушылар 2505 нөміріне өзі отырған автобус кодын SMS-хабарлама арқылы жіберу керек. Баланстан бастапқыда 80 теңге алынғанмен, кейін 79 теңге бірден қайтарылады.
SMS -төлем жасауға болатын қоғамдық көліктер мыналар: №: 2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 7, 13, 16, 17, 18, 20, 22, 23, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 45, 47, 48, 49, 50, 52, 54, 57, 59, 60, 62, 63, 63А, 65, 66, 67, 71, 72, 73, 74, 78, 79, 80, 81, 85, 92, 95, 99, 102, 104, 106, 107, 112, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 126, 128, 129, 135, 141 және 441.
Троллейбустар: 1, 5, 7, 9, 11, 12, 19 және 25.
"Beeline абноменттері SMS көмегімен 1292 автобуста және 194 троллейбуста жолақы төлей алады. SMS-төлем жасауға қатыспаған жалғыз автопарк - "АлматыЭлектроТранс" ЖШС. Бұл кәсіпорынға тиесілі 408 автобус, яғни 26 маршрут бар. Beeline Қазақстанның "Алматының қоғамдық көліктерінде 1 теңгемен жүру" акциясы - қала тұрғындары арасында компанияның цифрлы қызмет түрлерін қолдану арқылы қолма-қол емес төлем жүйесін танымал жасау", - деген Алексей Бендзь Informburo.kz сайтына берген мәлімдемесінде.
Ал акцияға қатыспайтын "АлматыЭлектроТранс" ЖШС-на тиесілі автобустар мыналар: №: 1, 8, 12, 14, 15, 26, 28, 40, 44, 46, 56, 68, 69, 70, 77, 86, 98, 103, 115, 122, 124, 125, 127, 131, 137 және 201. Барлығы 26 маршрут.
Ескерте кететін жайт, бұл акция тек Алматы қаласында ғана жүзеге асады. Астана мен басқа қалаларда іске қосылмаған. Акция 31 мамырға дейін жалғасады және қызмет түрін күніне тек 3 рет қолдануға болады.