Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады.
Ақпан айының 25-і күні сағат 20:40 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысы, Хромтау ауданына қарасты бөлігінде автобус апатқа ұшыраған. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Merсedes маркалы автобусты 35 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының азаматы жүргізіп келе жатқан. Ол Жазық ауылының тұсына жете бергенде рөлге ие бола алмай автобус жыраға түсіп кеткен. Салдарынан автобус салонында болған жеті Өзбекстан Республикасының азаматы түрлі дене жарақаттарын алып, Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген. Авто көлік салонында жалпы саны 25 адам болған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін қаңтар айының 18-і күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай ауылы маңында 57 адам мінген автобус өртеніп кеткен болатын. Салдарынан Өзбекстан Республикасының 52 азаматы оқиға орнында көз жұмып, 2 жолаушы мен 3 жүргізуші түрлі дене жарақаттарын алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?