Ирак Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, ДАИШ ұйымына мүше болып кірген 31 ресейлікті еліне қайтарғанын айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Ирак СІМ басшысы Ахмет Махжуб жасаған мәліметте, Бағдат билігінің террорлық топтарға қарсы тазалау операциясы кезінде анықталған ресейлік азаматтардың төртеуі әйел. Тергеу барысында олардың ұйымның әрекеттеріне қатыспағаны расталған. 31 азаматтың арасында балалар да бар.
Осыдан бір жыл бұрын (2017 жылы ақпанда) Мәскеуде өткен ТМД елдері қауіпсіздік ұйымдарының басшылары жиналысында Ирак пен Сүрия жеріндегі экстремистерді анықтау және олардың Сүрия аумағына кіруінің алдын алу мәселесі талқыланған болатын. Мәліметтерде Сүрия мен Ирактағы террорлық топтарға 7 мыңнан астам ТМД елдерінің азаматтары қатысқаны айтылған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы