"Башар Асад әскері тарапынан Дейр әз-Зор елді мекенінде ұйымдастырылған операцияларда химиялық заттар мен Израильде жасалған қарулардың табылғаны жария болды", - деп хабарлайды yeniakit.com ақпарат сайты.
Асад күштеріне қарасты әскери ұйымдардың Шам режимінің ақпарат агенттігі Санаға (SANA) берген мәліметіне қарағанда, Дейр әз-Зор елдімекеніне қарасты Мейадин аймағында ДАИШ террорлық ұйымына қарсы әскери операциялар жасалған. Операция барысында қолға түскен аймақтарда атыс қимылдары да жүргізілгені мәлім болды. Сонымен қатар, ДАИШ террорлық ұйымына тиесілі кейбір қоймаларда Израильде жасалған қарулардың табылғаны туралы хабар тарауда. Осы оқиғаға қатысты бейнекөріністермен бөліскен Асад күштері әсіресе ДАИШ қоймаларында қару жасау үшін пайдалану мақсатында дайындалған химиялық және улы заттар табылғанын айтты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді