Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жағынан Алматы облысы республикада бірінші орында. Өткен жылы бұл көрсеткіш 648 млрд теңгені, өсім 3,3% құрады. Бұл орайда аграрлық салада жұмыс істеген еңбеккерлердің үлесі зор. Бүгін тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов осылай деді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 15,6 мың гектарға ұлғайтылып, 948 мың гектарды құрады, оның 17%-ы ылғал сақтау технологиясын қолдану арқылы өңделеді.
Өткен жылы 1,3 млн тонна дәнді дақыл, 293 мың тонна майлы дақыл, 1,8 мың тонна картоп, жеміс-жидек пен көкөніс өсірілді.
Қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жетіп, 363 мың тонна өнім жиналды, одан 31 мың тонна таза қант шығарылды.
Жетісу өңіріндегі бақ алқаптары 23мың гектарға жетті, интенсивті бақтардан биылғы жылы 2,5 мың тонна алма алу жоспарланып отыр.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды