Қазақстан Тәжікстанға 3,9 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жасады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпан айының 19-ы күні Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан тарапына 3,9 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беруге байланысты ұйымдастырылған шараға қатысқан. Онда ол Тәжікстан мемлекеттік материалдар резерві агенттігінің ресми өкілі Сохибжон Зиодулловқа гуманитарлық көмек сертификатын табыстаған.
Қазақстан ұсынған 3,9 миллион доллар гуманитарлық көмек Тәжікстанға 10 мың тонна мазут жеткізуге жұмсалмақ. Жалпы, 2006 жылан бері Қазақстан Тәжікстанға 34,5 миллион доллар қаржылай көмек жасаған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды