Facebook осы аптада нақты қауіпсіздік кілтін қолдау үшін, қолданушының аутентификациясы (түпнұсқалық растамасы) ретінде қосалқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету амалын іске қосты. Ол – зат түріндегі қауіпсіздік кілті, яғни USB-ге негізделген құрылғы.
Ол арқылы бір жолғы шифрланған қауіпсіздік кілтсөзін жасай аласыз. Екі басқыштан тұратын тексеру қадамы арқылы Facebook парақшаңызды мүлде қауіпсіз етуге болады. Көп жағдайда екі басқышты қауіпсіздік кодын тексеру механизмі қауіпсіздік шарттары бұзылса, SMS жіберу арқылы желі тұтынушылардың ұялы телефонына хабар бере алады.
Зат түріндегі қауіпсіздік кілті – аппаратқа негізделген түпнұсқалық растама болып саналады. Парақшаңыздың өзіңіздікі екенін растау үшін USB-ді (зат күйіндегі қауіпсіздік кілтін) компьютердің USB қабылдағыш ұяшығына саласыз. Желі автоматты түрде ондағы ақпараттарды тауып, сіздің парақша иесі екеніңізді дәлелдей алады.
Парақшаңызды қандай да бір шабуылдардан қорғау және деректердің ұрлануынан сақтану үшін, заттық қауіпсіздік кілті тиімді әдіс болып саналады. Айталық, өзгелер жағынан кілт сөзіңіз ұрланған жағдайда да заттық қауіпсіздік кілті болмаса, парақшаңызды пайдаланып кете алмайды.
Алайда, ФБ-ның бұл заттық қауіпсіздік механизмі Chrome және Opera браузерлердің соңы нұсқаларына ғана қолдануға жарамды. Әзірге ұялы телефон арқылы желі қолданушыларына қолжетімді емес.
Шағын бизнес үшін Facebook қауіпсіздік кілтінің қарапайым жолын ұсынады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар мен жеке тұлғалар қауіпсіздік кілтінің қарапайым жолын пайдаланып келеді. Онлайн шоттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зиянды әрекеттерге жол бермеудің өзге де амалдары қарастырылуда. Бұл жағынан жалғыз басқышты кілт сөзі қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алмайды. Орта-шағын бизнес өкілдері бизнес-операцияларын кеңейту үшін онлайын платформасын барған сайын кеңейтуіне тура келеді. Сондықтан, деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік аса маңызды болып саналады.
“The Qazaq Times”