Гренфел ғимаратының (Grenfell Tower) өртіне жауапты тұлғалардың ешқандай жазаға тартылмағанына көңіл аударту үшін қоғам белсенділері 3 билборд жабыстырылған көлікті Лондон орталығына жіберді, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
"Гренфел үшін әділеттік орнасын" ( Justice 4 Grenfell) атты ұлыбританиялық белсенділер тобы бейсенбі, яғни өрттің болғанына 8 ай өткен соң билбордтар жапсырылған 3 фургонды орталық көшелерде айдап жүріп, халық назарын өздеріне аудартуға тырысты.
Жақында халықаралық прокатқа шыққан "Эббинг сыртындағы 3 билборд, Миссури" (Three Billboards Outside Ebbing, Missouri) атты фильмде бір әйел жергілікті полицейлерге өз хабарламасын жеткізу үшін қалаға кіретін жерде билборд шығарып қояды. Дәл осы фильм Лондонның қоғам белсенділерін шабыттандырған болу керек.
Билбордтарда "71 адам мерт болды", "Бірақ ешкім жауапқа тартылмады", "Қалайша?" деген жазулар бар. Көлік осы жазуымен Парламент ғимаратынан бастап, қаланың негізгі жерлерін аралап қайтты.
Жоғарыда аталған белсенділер тобы 2017 жылдың маусымында Гренфел тұрғын үйінде болған өртке байланысты тергеу жұмыстары ешқандай нәтижеге алып келмегенін халыққа жеткізу үшін осындай тәсілді қолданды.
Белсенділер өздерінің веб-сайттарында: "Бұл қайғылы оқиға 8 ай бұрын болды. Бірақ ешкімнің қозғалатын ойы да жоқ. Тұрғын үйдегі өрт 71 адамның өмірін алып кетті. Жауаптылар неге жазасын тартпайды? Қалада өртену қаупі бар дәл осындай 297 ғимарат бар. Гренфел өртеніп, үй-жайсыз қалғандардың қазіргі жағдайы өте нашар", - деп жазған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр