2017 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 77,6 млрд долларды құрады және бұл 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары болып отыр.
Бір жыл ішінде мемлекеттің экспорт көлемі 48,3 млрд доллар болған. Көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 31,6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 15,5 пайызға артып, 29,3 млрд долларды құрады.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымы 25,9 пайызға өсіп, 17 млрд долларға жетті. Қазақстан одақ елдеріне 5,1 млрд (өсім - 30,2%) долларға тауар сатып, олардан 12,2 млрд доллардың тауарын (24,1%) сатып алған.
Мысалы өткен жылы Қазақстаннан Ресейге 4,5 млрд долларға тауар экспортталған. Ал импорт көлемі 11,4 млрд долларды құрады. Беларусьқа 95,5 млн долларға тауар сатылып, олардан 508 млн долларға тауар сатып алынды.
Қырғызстанға жасалған экспорт көлемі - 503 млн доллар . Импорт көлемі - 255,2 млн доллар. Арменияға сатылған қазақстандық тауарлардың құны 4,4 млн долларды құрады. Ал олардан 4,6 млн долларға тауар сатып алынды.