Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті – деп хабарлайды «Зеркало недели» газеті.
Басылым мәліметінше, ақпан айының 12-сі күні Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы 14 ақпанда Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өтетін «норманд төрттігі» келісімі жөнінде сөйлескен.
Бұдан бөлек Петр Порошенко мен Владимир Путин әскери тұртқындармен алмасу және Донбасс пен Луганск аумағындағы украиналық әскерилерді босату жөнінде әңгіме қозғаған.
Естеріңізге салайық, соңғы рет «норманд төрттігі» келісімі 2017 жылдың жазында Ресей президенті Владимир Путин, Украина басшысы Петр Порошенко, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макронның қатысуымен өткен болатын. Ол кезде Украина дағдарысын шешуге мүдделі тараптар оқ атуды тоқтатуға байланысты келіссөздер жүргізген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды