Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ мен «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның лицензиясын тоқтатты. Бұл туралы бас банктің ресми сайтында хабарланды.
Мәлімет бойынша, «Сәлем» сақтандыру компаниясына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген 2016 жылғы 8 тамыздағы № 2.1.54 лицензияның қолданылуы уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамағандықтан алты айға тоқтатылды.
«Сәлем» СК» АҚ-қа Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандырудың міндетті нысандағы түрлері бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Ал «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы лицензиясының қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін үш айға тоқтатылды.
«Kompetenz» СК» АҚ-ның Лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді, сондай-ақ сақтандырудың Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша сақтандыру қызметі және қайта сақтандыру қызметі бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруды қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.