Оңтүстік Корея президенті Мун Жаин Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ынның қарындасы Ким Е Чонмен кездесті.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бүгін Оңтүстік Корея президенті Мун Жаин Солтүстік Корея делегациясын қабылдаған. Онда ол КХДР Жоғары президиумының төрағасы Ким Ен Нам мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ынның қарындасы Ким Е Чонмен кездескен. Бұл корей соғысынан кейін жоғары лауазымды саясаткерлердің қатысуымен болған ең алғашқы кездесу және Ким Жоң Ын отбасы мүшелерінің Оңтүстік Кореяға жасаған тұңғыш ресми іс-сапары.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде «Оңтүстік Корея президенті Мун Жаин түскі ас кезінде Солтүстік Корея делегациясы мен АҚШ делегациясын кездестіреді» деген ақпарат тараған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?