Ресей хакерлері Пентагон құпия базасын бұзды – деп хабарлайды АР ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, ресейлік «Fancy Bears» хакерлер тобы Пентагонның құпия базасын бұзған және АҚШ-тың стратегиялық маңызы бар зымырандарын, ұшқышсыз ұшақтарын басқаратын 87 адамның жеке деректерін өз бақылауына алған. Алдын ала болжамдар бойынша, Ресей хакерлері 87 адамның жеке серверлерін бұзу арқылы Boeing Co, Airbus Group, Lockheed Martin Corp және General Atomics компанияларының құпия бағдарламаларын қолды еткен.
АҚШ барлау қызметі директорының бұрынғы орынбасары Чарльз Соуэллдың сөзінше, Ресей хакерлері шабуылдаған базада АҚШ-тың соңғы үлгідегі технологияларының құпия құжаттары мен осы салада жұмыс істейтін азаматтырының жеке деректері сақталған. Егер аталмыш базаға қандай да бір қауіп төнетін болса, онда ол АҚШ-тың қорғаныс саласына орасан зор шығын алып келеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?