Израиль армиясы Дамаск қаласын бомбалады – деп хабарлайды Haaretz ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Израиль армиясы Дамаск қаласының шалғай аудандарының бірінде орналасқан зерттеу орталығын атқылаған. Салдарынан орталық аумағынада үш бірдей жарылыс болған. Аталмыш оқиғаны Сүрия құзырлы органдары да растаған. Бірақ ресми Дамаск зардап шеккендер мен жарақат алғандар жөнінде ешқандай мәлімет таратпаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 20 қаңтар күні Сүрияның Африн аумағында басталған «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясының Идлиб аумағында жалғасатынын мәлімдеген болатын. Ал Иран басшысы Хасан Рухани Түркияның Африн аумағына әскер кіргізуін «Сүрияны құлату» деп бағалап, ресми Анкараны «Зәйтүн бұтағы» операциясын тоқтатуға шақырған.