Түркияның Сыртқы Істер Министрі - Мевлут Чавышоулы (Mevlut Cavusoglu) Al Jazeera - ға: "Африн қаласында YPG террористері Түркияға зымыран лақтырып, от жаудырған. Бұл әрекет еліміздің қауіпсіздігі мен шекарасына төнген қауіп" деген болатын.
Батыс пен Шығысты жалғап тұрған Түркия Сүриядағы соғысты қоса алғанда, аймақтағы кикілжіңдер мен дағдарыстарда айтарлықтай маңызды стратегиялық рөл ойнап отыр.
20 қаңтарда Түркия Сүрияның солтүстік-батысындағы Африн қаласына "Зәйтүн бұтағы" операциясын ашқан болатын. Бұл қала сириялық күрдтердің қорғаныс одағы бақылауында, ал Түркия аталған одақты террористік ұйым санайды.
Министрдің айтуынша, Африндегі күрдтерге және олардың одақтастарына бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, олар шабуылдарын күшейте түскен. Сонымен қатар, күрдтерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған АҚШ-тан қару сатуды тоқтатуды өтінгенмен, мемлекет мұны орындамаған көрінеді. Алайда жақында Түркия мен АҚШ президенттері телефонмен сөйлескенде Трамп бұл ұйымға қару сатуды тоқтатқанын айтқан.
АҚШ әлі де Күрдтердің Қорғаныс Одағын (YPG) ИГИЛ-ге қарсы соғыста одақтастары санайтынын білдірді. Осыған байланысты Түркия СІМ: "Бұл қосарлы стандарт деп аталады. Біздің терроризмге қарсы соғысымызда қосарлы стандартты барлық жерден байқауға болады... АҚШ әлемдегі барлық террористік ұйымдарға қарсы күреседі де, Сүриядағы ұйыммен одақтас болады" деген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Түркия қарым-қатынасы соңғы жылдары, әсіресе, 2016 жыл шілдесінде Түркиядағы мемлекеттік көтерілістен кейін нашарлай бастады. 2017 жылы АҚШ аумағына түріктерге кіру шарттары күрделенді, Түркия да жауап ретінде америкалықтар үшін дәл осындай шаралар қабылдады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді