Түркия президенті араға 59 жыл салып Ватиканға барды – деп хабарлайды ANSA ақпарат агенттігі.

Ақпан айының 5-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ватиканға ресми іс-сапармен барды. Ол онда Рим папасы Францискпен кездесіп, бір сағатқа жуық уақыт сөйлескен. Бірақ кездесуден кейін Ердоған да, Франциск та ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған. Бірақ Режеп Тайып Ердоған Ватиканға ресми іс-сапары қарсаңында Рим папасымен Сүрия мен Ирактағы соғыс жөнінде және Иерусалим мәселесі жөнінде сөйлесетінін мәлімдеген.

Түркия тарихында соңғы рет Ватиканға ресми іс-сапармен 1959 жылы сол кездегі мемлекет басшысы Махмуд Желяль Баяр барған. Сол уақыттан бері Ватикан жеріне бір де бір түрік басшысы ат басын бұрмаған. Ал Рим папалары осы уақытқа дейін 1967, 1979, 2006 және 2014 жылдары Анкараға ресми іс-сапармен барған.

“The Qazaq Times”