«Испан ғалымдары адамның табиғи терісіндей, тері басып шығаратын биопринтердің концепциясын ұсынды», – деп хабарлайды Science News Journal.

Карлос III бастаған Мадрид университетінің, қоршаған орта, энергетика және технология саласын зерттеу орталықтарының (CIEMAT),  зерттеушілер тобы биологиялық материалдарды пайдалана отырып, 3D принтер ойлап тапты. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тері толық функционалды және оны медицинада трансплантологияда қолдануға болады.

Зерттеушілердің бірі Хуан Франсиско дел Каньисо терінің арнайы «биологиялық сия» арқылы шығарылатынын айтқан. Терілер бірінен кейін бірі басып шығарылып отырады, яғни бұл адам терісінің құрылымын қайталайды.

«Шығарылған» адам терісіндей терінің құрамында, теріні созылмалы ететін арнайы коллагендер өндіретін, эпидермис пен дерма бар. «Егер теріні өндіретін биоматериалдың өзін адамнан алсақ, кез-келген жағдайда трансплантация жасай аламыз. Ол дегеніңіз күйік шалған тері бөлігін аталмыш терілермен алмастыруға болады деген сөз», – дейді ғалымдар.

Зерттеу жұмыстарына қатысқан BioDan Group фирмасы  осы -өнімді нарыққа шығаруды көздеп отыр.

"The Qazaq Times"