АҚШ Мемлекеттік департаментінің кеше түстен кейін жасаған мәлімдемесінде, 2010 жылы Ресеймен жасасқан келісім бойынша, ядролық қаруларының санын шектеу міндеттерін толығымен орындап болғанын, алда Мәскеу тарабының да өз уәдесін орындауын талап ететіндігін айтты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінде: «Құрама Штат «Стратегиялық қаруларды қысқартуы жаңа келісіміне» сай уәдесін орындады» делінген. Бұл келісімге 2010 жылы бұрынғы президент Обама қол қойып, 2011 жылы АҚШ Сенаты бекіткен еді.
Аталған департамент өкілі Хизер Науерт сөзінде: «Ресей Федерациясы ядролық қаруды шектеуді қамтыған жаңа шартты орындауға бірнеше рет уәде берді. Құрама Штаттар осы уәдені растай отырып, алдағы келісімге сәйкес Ресеймен ақпарат алмасуда», – деді.
Келісім шарттың негізінде, АҚШ пен Ресей екі елдегі ядролық оқ тұмсықтардың санын 1550 данадан асырмайды; сондай-ақ, екі ел маңызды стратегиялық қарулар саналатын бомбалаушы ұшақтары мен сүңгуір кемелерінің санын шектейді.
Наурыз айында екі ел өздерінің стратегиялық активтері туралы ақпараттармен алмасатын болады. Уашингтон мен Мәскеудің лауазымды тұлғалары бір бірінің мәліметтерін тексеріп болып, шектеулердің орындалғаны дәлелденгеннен кейін ғана келісім жүзеге асты деп есептейді.
Дегенмен, Уашингтон мен Мәскеу арасындағы шиеленістер, қырғи-қабақ салқындықтар, сайлау ісіне араласу, сондай-ақ сенімсіздіктен алып қарағанда, 2021 жылы аяқталатын жобаның орындалу, орындалмауы анық емес.