Кремль биылғы жылдың басында Трамп үкіметіне екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайта қалпына келтірудің жол картасын ұсынғанын мәлімдеді. Алайда, АҚШ үкіметі бұған жауап бермеген. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымында жазылды.

Кремльдің бас мәлімдемешісі Дмитрий Песков ақпаратынша, Ресей Құрама Штаттармен әртүрлі формалар арқылы дипломатиялық және әскери арналарын қайта қалпына келтірудің жобасын ұсынған. Ол сөзінде: «Ресей әрдайым пікір алмасуды, диалогты қалпына келтіруді қолдайды. Сондай-ақ, қарым-қатынасты ретке салу жобасының шешім табуы үшін бірге жұмыс істеуге тырысады. Бірақ, өкінішке орай, АҚШ үкіметі бұл ұсынысқа жауап бермеді», – деді.

BuzzFeed сайты сейсенбіде жариялаған хабарына сенсек, Ресей Трамп үкіметіне құжат жолдаған, оның мазмұнында әскери және интеллектуалды байланыстарды қалпына келтіру туралы ұсыныстар енгізілген. Наурызда шығарылған құжаттар бірқатар бастамаларды жүзеге асыру үшін нақты кездесулер мен мерзімдерді қамтыды. Бұл бастамалар екі жақты сауданы дамытуға да бағытталған. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік және терроризмге қарсы бірлескен жұмыс топтарын құруды да қамтиды.

Ал, Ақ үй тарабы, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ресейлік ұсыныс жолдамасының қабылданбағанын растады. Ақ үй шенеуніктерінің бірі бұл туралы: «Жаңа үкімет қызметін бастаудан ілгері АҚШ пен Ресей қарым-қатынасын қайта реттеуге, достық қарым қатынасты жақсартуға үміткер болды. Президенттің өзі сайлаудан бұрын Ресеймен болған байланысты жақсартатынын айтқан болатын. Өкінішке орай бұл үміттер жүзеге аспады. Іс біз күткеннен басқа бағытқа дамып кетті», – деген пікірін білдірді.

“The Qazaq Times”