Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ОДКБ) мүше елдер жеке әскери компаниялар қызметін заңдастыруы мүмкін.
Жақында ҰҚШҰпарламенттік ассамблеясына «жеке әскери компанияларды заңдастыруға» байланысты заң жобасы жіберілген. Аталмыш заң жобасын «Қауіпсіздік және тұрақты даму институты» құрастырған. Институт басшысы Виктор Ананьевтың сөзінше, қазіргі таңда Ресейде де, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ОДКБ) мүше елдерде де жеке әскери компаниялар жоқ. Бірақ оған қажеттілік бар. Осыған байланысты Институт басшылығы аталмыш заң жобасын федералды және үкіметаралық құрылымдардың қызығушылығын ескере отырып дайындаған.
Бұнымен қатар Ресей Мемлекеттік Думасындағы «Справедливая Россия» фракциясының депутаттары жеке әскери компаниялардың жұмысын реттейтін заң жобасын дайындап, үкімет қарауына жіберген. «Справедливая Россия» көшбасшысы Сергей Мироновтың сөзінше, аталмыш заң жобасы Ресейдің жеке әскери компанияларын шетелдердегі терроризмге қарсы операцияларға қатыстыруға, мұнай кен орындарын күзетуге және Ресей одақтастарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда егер Ресей тарапы ұсынған заң жобасы қабылданатын болса, онда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің заңдарына жеке әскери компанияларды реттейтін бап енетін болады. Бірақ әзірге заң авторлары жеке әскери компаниялардың жұмысын кімдердің қадағалайтынын түсіндіріп бере алмай отыр.
Естеріңізге салайық, қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армания, Беларусь және Ресей елдері мүше. Ұйым 1992 жылы 15 мамыр күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында құрылған.