Forbes басылымының мәліметінше, халықаралық үздік жұмыспен қамтамасыз етушілер тізімін АҚШ компаниялары бастап тұр.
Тізімнің басында тұрған 10 компанияның алтауы АҚШ-та орналасқан.
Бірінші орын Google-дың еншілес компаниясы, 72 мың қызметкері бар Alphabet-ке тиесілі. Компания қызметкерлері компанияның имиджін, жұмыс шарттары мен көп салалығын жоғары бағалайтын көрінеді.
Екінші орында әлемнің ең үлкен технологиялық компаниясы - Microsoft. Компанияның таза пайдасы - 21,2 млрд доллар, ал нарықтағы құны 573,7 млрд долларға бағаланады.
1959 жылы негізі қаланған Japan Exchange Group жалпы үздік жұмыспен қамтамасыз етушілердің тізімінде үшінші болып отыр.
Аймақтық банктер де тізімде үздік орында: АҚШ-та орналасқан Northern Trust банкі 12-орында, Таиландтың Kasikornbank-і 16-орында және филиппиндік BDO Unibank-і 23-орында.
Аталған тізімді жасау үшін мамандар 360 мыңнан астам ұсыныс хатты талдады. Қызметкерлер "жұмыс берушісіне қандай баға береді?", "жақындарын осы компанияға жұмысқа шақыра ма?" деген секілді сұрақтарға жауап берді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті