Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (БЖИ) бойынша Қазақстанда АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының таралу көрсеткіші 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында 0,2 пайызды құрайды, орта әлемдік көрсеткіш бойынша - 1,6%. Бұл туралы Қр Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Соңғы бес жылда елде тұрғындарды тестілеу артқаннан кейін АИТВ инфекциясының өсу қарқыны үш есеге төмендеді. Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) қайтыс болуы 2,6 есеге қысқарды. ЖИТС қызметінің соңғы он жылдағы жетістіктері ретінде АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу деңгейінің төрт есеге төмендеуі болды. Бұл тенденциялар мемлекеттің АИТВ инфекциясының таралуын тежеуге арналған жауапты шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Министрліктің мәліметінше, АИТВ инфекциясының таралуы мінез-құлыққа да байланысты болатын созылмалы инфекциялық ауру.
Сондай-ақ, Қазақстанда азаматтар үшін АИТВ инфекциясына тестілеуден өту және емделу тегін екендігін, мемлекет қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Қазақстанда соңғы он жылда АИТВ инфекциясын тестілеумен қамту екі жарым есеге артты. 2006 жылы тестті 1,2 миллион қазақстандық тапсырса, 2017 жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,9 миллионды құрады. Осылай әрбір алтыншы қазақстандық өзінің АИТВ ахуалын біледі.