АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды – деп хабарлайды Voice of People ақпарат көзі Норвегия институтының директоры Хенрик Урдалға сілтеме жасап.
Қаңтар айының 31-і күні Хенрик Урдал басылымға берген сұхбатында: «Мен АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынылғанын растаймын. Мен ол ұсыныстың артында кім тұрғанын білмеймін. Себебі бұл құпия ақпарат. Мен тек оны америкалық азаматтың ұсынғанын білемін. Бұл адам Трампты өткен жылы да Нобель сыйлығына ұсынған болатын» - деп мәлімдеген.
Voice of People мәліметінше, Дональд Трамп осымен үшінші рет қатарынан «бейбітшілік үшін» номинациясы бойынша Нобель сыйлығына ұсынылған.
Естеріңізге салайық, осыдан бернеше жыл бұрын біздің елімізде де Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынуға байланысты қызу талқылаулар болған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды