Қытайдың ең жоғары Ұлттық конгресінің тұрақты комитеті бір күн бұрын мәлімдеме жасап, XIII кезекті Халықтық съездің 5 наурызда, елдің орталық қаласы Бейжіңде өтетіндігін мәлімдеді. Бұл туралы «People» басылымы хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, Қытай Халықтық құрылтайының сессиясының міндеті –дәстүр бойынша, үкіметтің жұмыс есебін қарау; Алдыңғы жылға арналған ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының орындалуын қадағалау; Дамудың жаңа жылға арналған жоспарының жобасын қарастырады; Былтыры жылдың орталық және жергілікті бюджеттерінің орындалуын тексереді және бұл бюджеттердің жаңа жылдағы бөлісіне бақылау алып барады.
Бұдан сырт Қытайдың кезекті Халықтық съезінде үкіметтің құрамы жаңарады деп күтілуде. Мемлекеттік құзырлы органдардың басшылары ауысады, қазіргі кездегі үкіметтің құрамы жаңартылады.
Естеріңізде болса, былтыр қазан айында, Қытай Коммунистік партиясының құрылтайы өтіп, ҚХР төрағасы Ши Жинпиң мен үкімет басшысы Ли Кычяң өз орынын сақтап қалды. Ал жаңа тағайындалғандар Қытай Орталық үкімет кеңсесінің директоры Ли Жаншу, премьер-министрінің орынбасары Уаң Яң, ҚХР Орталық саяси зерттеу мекемесінің директорлығына Уаң Хуниң, Орталық парт-группа бөлімінің меңгерушілігіне Жау Йуежи және Шаңхай қаласы партия комитетінің бірінші хатшылығына Хан Жың қатарлы адамдар тағайындалған.
Наурыздың бас шенінде өтетін Халықтық құрылтайда Орталық үкіметтегі және маңызды қалалар мен провинциялардағы басшылық құрылымдар жаңартылуы мүмкін деп күтіліп отыр. Айталық, шекаралас жатқан Шынжаң провинциясының да бірінші хатшысы ауысып, оның аз санды ұлттарға жасалып жатқан қуғын-сүргін саясаты тоқтатылуы да мүмкін. Дегенмен, оны кесіп айтуға тым ерте.