Шешенстан президенті Рамзан Қадыров полицейлерге және әскерилерге заңсыз қаруланған адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға рұқсат берді. Бұл жөнінде "Кавказский узел" ақпараттық агенттігі хабарлайды. Агенттіктің жазуынша, бұл жарлық "Полиция жөніндегі" заңға қайшы деп хабарлайды "Орталық Азия хабар қызметі".
Қадыров бұл жөнінде 24 қаңтарда өткен Шешенстан ІІМ-нің алқа отырысында айтқан. "Егер күдік болса, ескертусіз оқ атамыз! Неге қауіп төндіреміз?" – деді ол.
"Полиция жөніндегі" заңның 19-бабына сәйкес, полиция қызметкерлері қару қолданар кезде, өзінің оқ ататын ниеті барын ескерту керек. Полиция егер "өзінің немесе азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайда ескертусіз оқ ата алады".
"Кавказский узел" агенттігінің мәліметінше, 2016 жылы Шешенстанда қарулы жанжалдан 27 адам қаза тапқан. Олардың алтауы - құқық қорғау органдарының қызметкері.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?