Қаржы институттарын құру және олардың жұмыс істеуі үшін алдағы үш жылда бюджеттен жыл сайын 20 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
"Біз қаржы институттарын құру және іске қосу үшін алдағы үш жыл қатарынан бюджеттен 20 млрд теңге алуды жоспарлап отырмыз. АХҚО өзін 3-5 жылдың ішінде ақтап, ары қарай аталған сома төмендейтін болады. Осыдан кейін біз бюджет қаржысына тәуелді болмай, инвестиция тарту мүмкіндігін қарастырамыз. Сондай-ақ, алдағы үш жылда Қазақстанға 3-5 млрд доллар пайда әкелеміз деп жоспарлануда. Бұл біздің пессимистік бағамыз. Ал 10 жыл ішінде бұл соманы 40 млрд долларға жеткізуді жоспарлаймыз", - деді Келімбетов,
Бұдан бөлек ол "Эйр Астана" әуе компаниясы, "ҚазАтомӨнеркәсіп" Ұлттық компаниясы, "Қазақтелеком" SPO 2018 жылдың төртінші тоқсанында АХҚО алаңында ІРО-ға шығарылатынын атап өтті.
Келімбетов криптовалюта жүйесіне қатысты да пікір білдірді.
"Сандық технологияларды қолдануға мамандар мен сарапшылардың қызығушылығы бар. Біз бұл бағытты қолдаймыз. Кейбір компаниялар осы бағытпен Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Ал ұлттық криптовалютаны шығаруға келер болсақ, бұл процесс әлі зерттеліп жатыр, ешкім нақты шешім жасаған жоқ. Бұл Ұлттық банк құзырындағы нәрсе", - деді ол.
Келімбетов сондай-ақ, Goldman Sachs инвестициялық банкі мен Silk Road компаниясы АХҚО-ға инвестор болуға қызығушлылық білдіргенін атап өтті.
Ал "Астана" Халықаралық қаржы орталығын ресми түрде таныстыру 2018 жылдың 5 шілдесіне жоспарланған. Бұл күн Астана күні және ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне тұспа-тұс келеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?