Трамп үкіметі дүйсенбі күні АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қаралған 11 елдің босқындарына қатысты саясатты қалпына келтірді және босқындарды шектеу саясатын күшейте түсті. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Қазір АҚШ-қа кіретін босқындар саны азайып кеткен, оның басты себебі Трамп үкіметі шығарған босқындарды шектеу саясатымен қоса, босқындардың кіру талаптарын толықтай тоқтатты және Ирак, Сүрия босқындарын елден шығарды. Трамп босқындарға қарсы қатаң саясатты былтыр жаздан бастап жүзеге асырды. Ал күз айларында бұл шараны тіпті де күшейтті, көптеген елдердегі босқындарды қабылдау өтініштерін тойтарды. 11 елдің азаматтарына Құрама Штатқа кіруіне тосқауыл қойды.
Соңғы жылдардан бері АҚШ-тағы босқындардың 40 пайызы Трамп үкіметі шектеу қойған 11 елден келген. Ал былтыр 1 қазаннан қазірге дейін бұл көрсеткіш 5 пайызға төмендеген. Бұдан сырт мұсылман босқындар саны бұрынғы 40 пайыздан 14 пайызға азайған.
Кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіштер Трамптың мұсылман елдерінен келетін босқындарды шектеу тебінін тіпті де күшейте түсуі мүмкін. Мұсылман босқындарды шектеу - Трамптың сайлау алдында берген уәдесінің бірі. Дегенмен, Құрама Штаттың жоғары лауазымдылары босқындарды шектеу шарасы дінмен қатысы жоқ екенін алға тартуда.
Ақпарат көздерінің айтуынша, аталған 11 елге Иран, Ирак, Сомали және Сүрия сынды босқындар саны көп елдер, бұдан тыс Мысыр, Либия (Ливия), Мали, Солтүстік Корея, Оңтүстік Судан, Судан және Йемен қатарлы елдер кіреді. Бұл тізім қатарына Трамптың инаугурациясына дейін «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін» елдер тізіміндегі бірнеше ел де кіреді.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің кеше жасаған мәлімдемесінде, Трамп үкіметінен бұл елдердің тізімін жиі-жиі бағалап, жаңартып тұрады деп үміттенетінін білдірді.