Ташкент қаласында Өзбекстанның экс Ішкі істер министрі Адхам Ахметбаев тұтқындалды – деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Адхам Ахметовты 26 қаңтар күні Ташкент қаласында президент гвардиясының сарбаздары, Ішкі істер министрлігі және прокуратура қызметкерлері арнайы операция барысында тұтқынға алған. 52 жастағы экс-министрдің қамауға алынуы ел президенті Шавкат Мирзиеевтың оны «сатқын» деп айыптағаннан кейін бір ай өткен соң болған.
Осыдан бір ай бұрын желтоқсан айының 22-сі күні Шавкат Мирзиеев парламенттің қос палатасына жасаған жолдауында экс-министр Адхам Ахметовты қатаң сынға алған болатын. Онда ол: «Сіздер білесіздер ме қазір бұрынғы ішкі істер министрінің қайда жүргенін?! Менің арым оның Өзбекстан министрі бола тұра сатқындық жасап бір топқа қосылғанын қабылдай алмады. Мен екі генералдың пагонын шешіп алғанмын. Генерал-лейтенант сымақтар» - деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?