2017 жылы саяхаттауға шыққан халықарылық туристердің саны 1,322 млрд адамға жетіп, соңғы жеті жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болды. Бұл туралы БҰҰ-ның дүниежүзілік туристік агенттігінің (UNWTO) мәліметтерінде айтылды.

Сонымен ұйымның ақпараты бойынша, өткен жылы Еуропаға келген шетелдік туристердің саны 2016 жылға (671 млн адам) қарағанда 8 пайызға көп болған. Африкада көрсеткіш 8 пайызға (62 миллионнан астам адам) жоғарылаған. Ал Азия-Тынық мұхиты аймағындағы көрсеткіш 6 пайызға (324 млн-ға дейін), Таяу Шығыста  5 пайызға (58 млн адамға дейін), Солтүстік Америкада 3 пайызға артқан.

"Халықаралық туристердің саны көбейіп жатыр әрі туризм секторы экономика дамуының маңызды факторы болып отыр", - дейді UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили.

Туризмде мұндай оң өзгерістердің болуына жаһандық экономиканың өсімі, дамыған және дамушы нарықтағы сұраныстың тұрақтылығы, сондай-ақ,  Бразилия мен Ресейдегі бірнеше жылдан бері азайып қалған туризм шығындарының қайта қалпына келуі әсер еткен.

Осылайша халықаралық ұйым "2018 жылы туристердің саны 4,5 пайызға көбейеді" деп болжап отыр. Мысалы болжам бойынша биыл Еуропаға саяхаттайтын туристердің саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 3,5-4,5 пайызға, Азия-Тынық мұхиты елдерінде - 5−6 пайызға, Африкада  - 5-7 пайызға, Таяу Шығыста - 4-6 пайызға, Америкада - 3,5-4,5 пайызға көбеюі мүмкін.

“The Qazaq Times”