АҚШ-тың Кентукки штатындағы жоғарғы мектептердің біріне 15 жастағы жігіт оқ жаудырып, нәтижесінде 2 оқушы қаза тауып, 17 адам жараланды. Қылмыскер оқиға орнында ұсталған. Кентукки әкімшілігінің хабарлауынша, Marshall County жоғарғы мектебінде болған қайғылы оқиғаның құрбандарының жасы қылмыскермен шамалас болған. Қолдан жасалған қарудан оқ атқан жасөспірімнің мұндай іске неге барғаны белгісіз. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға таңертең сабақ басталардан бұрын болған. Қылмыскер мектеп алдында жиналған адамдарға қарай оқ жаудырғаннан кейін 15 минуттан соң полицияның қолына түскен.
Жарақат алған оқушылар жергілікті медицина орталығында ем қабылдап жатыр. Бұл - АҚШ мектептерінде соңғы күндері орын алған екінші қанды оқиға. Осы дүйсенбіде Техас штатындағы тағы бір білім ордасында 16 жастағы оқушы өзінің сыныптасына қарсы қару сілтеген болатын. Дегенмен оққа ұшқан қыз тірі қалды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды