АҚШ-тың Бас Прокуроры Джефф Сессионс Ресей Үкіметінің Президент сайлауы кезінде Дональд Трампқа қолдау көрсеткені туралы іске қатысты тергеушілердің сұрағына жауап берді. Американың Әділет Департаменті тергеудің барысы туралы ақпарат берген жоқ. Дегенмен Джефф Сессионс Дональд Трамптың жақын кеңесшілерінің бірі болған және оның Ресеймен байланыстары Роберт Мюллер бастаған зерттеу тобында  күдіктер туындатты. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды. 

Қолда бар деректер бойынша, Джефф Сессионс АҚШ Президентінің сайлауалды науқаны кезінде Ресей дипломаты Сергей Кислякпен кездескен. Ол сондай-ақ сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілер тобын басқарған. Олардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуін ұйымдастырмақ болған Джордж Пападополус та бар.

Роберт Мюллердің зерттеу тобының қызығушылығын тағы бір жайт - Бас Прокурордың Дональд Трамптың Президент сайлауына Ресейдің қатысын анықтауға арналған зерттеу ісіне тосқауыл қою операцияларынан хабардар болуы. Мәселен, Джефф Сессионс Федералды барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Комидің Трамп пен Ресей байланысы бойынша тергеуге тартылғаны үшін, жұмыстан босатылуына тікелей араласқан.

“The Qazaq Times”